Алдыңғы күндердің бірінде Дағдарыс Орталығында қоныстанған балалар Оқушылар үйінде өткен жаңа жылдық шараға қатысты. Онда балақайлар ертегі қойылымын тамашалап, сәнді шыршаны айнала билеп, ән салды, сондай-ақ Аят Атаға тақпақтарын айтып, сыйлықтарға ие болды. Балалар күліп-ойнап, бір серігіп, көңілдері көтеріліп қалды. Көңілді демалыс және оған тегін бару мүмкіндігі үшін шараны ұйымдастырушыларға үлкен алғысымызды білдіреміз!