Сіздердің қолдауларыңыз бен репосттарыңыздың арқасында біздің өтінішімізге жауап беруге дайын мейірімді жандар табылды. Бас-ми жарақатынан кейін ем-домды қажет ететін балақайға керекті дәрі-дәрмектер жеткізілді. Қымбат баға мен дәріхана сөрелеріндегі тапшылық Пантокалцин немесе Пантогамды сироп түрінде өз бетімен сатып алуға кедергі болған еді. Дегенмен, біздің құтқарушыларымыз балақайды қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ете алды. Қалалық мектеп өкілдерінің бірі екі жасар баланың тағдырына бейжай қарай алмай, қол ұшын созуға бел буып, сол арқылы бізге де қолдау көрсетті. Дағдарыс Орталығы атынан «Ілияс Есенберлин атындағы №25 гимназия» КММ-не көрсеткен көмегі, мейірімділігі және жанашырлығы үшін шексіз алғысымызды білдіреміз!