Күні кеше Дағдарыс Орталығында қоныстанған балалар мен аналар «Тұран» Университетіндегі робототехника көрмесі мен концертті тамашалап қайтты. Университетке қарасты «Шапағат» Қайырымдылық Қоры Дағдарыс Орталығының қызмет алушылары мен №1 балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арнап ойын-сауық бағдарламасын ұйымдастырды. Шарада қонақтар студенттер құрастырған түрлі роботтармен танысып, мерекелік концертте олардың өнерлерін тамашалады. Концерт барысында балалар сайыстарға қатысып, белсенділіктері үшін сыйлықтарға да ие болды. Бұл шарада балалар мен аналар уақыттарын өте қызықты өткізді. «Жан-Сая» Дағдарыс Орталығының атынан «Тұран» Университетіне, соның ішінде «Шапағат» Қайырымдылық Қорына шақыртулары мен көңілді өткен уақыт үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз! ⠀ ✨🌹✨🌹✨