Новости центра на каз

Atomy "Жан-Сая" Дағдарыс Орталығында

Atomy Корей өнімдері халықаралық компаниясының Алматы қаласындағы өкілдері «Жан-Сая» Дағдарыс Орталығы қызмет алушылары үшін арнайы шара ұйымдастырды. Оның барысында шақыртылған визажистер әйелдердің сәнін келтіріп, оларға боянудың қыр-сырын үйреткен шеберлік сабағын өткізді. Мамандар арқылы әйелдер сұлулық пен өзін-өзі күту туралы көптеген пайдалы ақпарат пен кеңестерді біле алды. Шеберлік сабағы ажарланған қыз-келіншектердің өз сұлулығын сезініп, өздеріне деген сенімділіктерін арттыруға үлес қосқан фотосессияға ұласты. Шара соңында қатысушыларға Atomy компаниясының өнімдері жинақталған сыйлықтар табысталды. «Жан-Сая» Дағдарыс Орталығы мен осында қоныстанған әйелдердің атынан @official_atomy_kazakhstan компаниясына ұйымдастырылған тамаша шара мен көтеріңкі көңіл-күй үшін алғысымызды білдіреміз! Өзгенің мұң-мұқтажына бей-жай қарамайтын, қайырымдылық шараларын белсенді жүргізіп, өзгелерге қуаныш сыйлауға дайын Atomy сынды компаниялардың барына өте қуаныштымыз.

✨💄✨💋✨👁✨




☎️150
📱8 (727) 243 22 21
📱8 771 450 3 450
📧Kcalmaty2017@gmail.com

#ДағдарысОрталығы #КризисныйЦентр #Алматы #Зорлықзомбылыққажолжоқ #Нетнасилию #Алғысбілдіру #Благодарность #Мирдолжензнать #Одобрыхделах
Made on
Tilda