Новости центра на каз

Халықаралық әйелдер күні

8 наурыз мерекесі қарсаңында «Жан-Сая» Дағдарыс Орталығында мерекелік шара өткізілді. Қызмет алушыларды құттықтауға ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Алматы облысы бойынша департаментінен аға сержант Шестакова Оксана Юрьевна және «Impuls dance» келіп, өздерінің концерттік нөмірлерімен қуантып қайтты. Көңілді билер барлығына мерекелік көңіл-күй сыйлап, аналарға арналған әндер әрбір көрерменнің жүрегін елжіретті. Концерттің қорытындысы ретінде аналар мен балаларға Дағдарыс Орталығында өткен мерекенің естелігі ретінде шағын сыйлықтар табыс етілді.

Мерекелік іс-шаралар түстен кейін де жалғасын тапты. Орталықта ҚР М.Есболатов атындағы ІІМ Академиясының 1 взводы қонақтап қайтты. Олар балалар мен аналарды құттықтап, екі тәтті үлкен тортты сыйға тартты, аниматорлар мен түрлі ойындарды ұйымдастырып, нағыз сауық кешін жасады. «Жан-Сая» Дағдарыс Орталығы атынан ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Алматы облысы бойынша департаменті және Шестакова Оксана Юрьевнаға, «Impuls dance» тобының бишілеріне, сондай-ақ, Алматы қ. ІІМ Академиясының шәкірттері мен полиция подполковнигі Шамшиева Индира Сериковнаға балалар мен әйелдердің көңілін көтеріп, қуаныш сыйлағандары үшін алғысымызды білдіреміз!










☎️150
📱8 (727) 243 22 21
📱8 771 450 3 450
📧Kcalmaty2017@gmail.com

#ДағдарысОрталығы #КризисныйЦентр #Алматы #Зорлықзомбылыққажолжоқ #Нетнасилию #Орталықтынысы #БудниЦентра #8марта #8наурыз
Made on
Tilda