Новости центра на каз

"Жан-Сая" Дағдарыс Орталығының сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары

Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының  «Жан-Сая» дағдарыс орталығы» коммуналды мемлекеттік мекемесі тоқсан сайын сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін  ішкі талдауын өткізеді. Назарларыңызға осы талдаудың қорытындыларын ұсынамыз.


Ішкі талдау объектісінің толық атауы: Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының «Жан-Сая» дағдарыс ортлығы» коммуналды мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – орталық).
Ішкі талдау жүргізудің негізі: Орталық директорының 2022 жылғы 14 сәуіріндегі №14-П бұйрығы.
Ішкі талдаудың өткізілген уақыты: 2022 жылдың 14 сәуірінен 15 маусымына дейін.
Ішкі талдау объекті қызметінің талқыланатын кезеңі :
2022 жылдың I және II тоқсаны
Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
          1) қолданыстағы құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
          2) ішкі құжаттарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;      3)персоналды басқарумен байланысты сфбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

1. Орталық қызметіне қатысты нормативті-құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Мемлекеттік мекеме Алматы қаласы әкімінің 2017 жылғы 22 мамырдағы №2/170 «Алматы қалалық Жүұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығы» коммуналды мемлекеттік мекемесін құру туралы» қаулысының негізінде құрылды.
Алматы қаласы әкімінің 2020 жылғы 21 тамыздағы №3/312 «Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығы» коммуналды мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес мекеме атауы «Алматы қаалсы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының «Жан-Сая» дағдарыс орталығы» коммуналды мемлекеттік мекемесі» болып өзгертілді.
Орталық қызметі келесі нормативті-құқықтық актілерді басшылықққа алады: Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексі, 2009 жылғы 04 желтоқсандағы «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» заңы, 2008 жылғы 29 желтоқсандағы «Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы» заңы, 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алулар туралы» зағы, 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызметтер туралы» заңы, 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру тәртібі туралы» заңы, 2015 жылғы 26 наурыздағы №165 «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» заңы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 21 желтоқсандағы №1079 бұйрығымен және басқа да нормативтік құқықтық актілермен бекітілген Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттары.
Нормативтік құқықтық актілерге жүргізілген мониторинг барысында ҚР заңнамасына келесі өзгерістер енгізу ұсынылды:
Қазақстан қолданысқа алған халықаралық міндеттемелерді іске асыру және тұрмыстық зорлық-зомбылық саласындағы отбасылық және гендерлік саясатты тиімді еске асыру үшін жаңа заң жобасын қабылдау туралы мәселені қарау орынсыз деп санаймыз, себебі ұсынылып отырған заңның қолданылу аясы, мақсаттары, міндеттері қолданыстағы  заңның құрылымы мен жұмыс әдістері қайталанған.
ҚР 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 214-IV «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» заңына өзгерістер енгізу жұмыстарына баса назар аудару қажет, бұл тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес кезеңдерін атап көрсетеді және отбасы-тұрмыстық қатынастардың алдын алуда Қазақстан тарихында сақталады.
        Осыған орай келесі ұсыныстарды ұсынамыз:
 1. Отбасындағы әйелдер мен балаларға қарсы зорлық-зомбылықтың барлын түрретін криминизациялау арқылы заңнамалық шеңберді күшейту.
1. ҚР Қылмыстық кодексіне «Отбасындағы зорлық-зомбылық» бабын қосу, және оның ішінде мынадай мәселелер қарастыру:
(1) отбасындағы зорлық-зомбылық, яғни отбасының бір мүшесінің отбасының басқа мүшесіне қатысты әдейі жасаған физикалық немесе ауызша әрекеті немесе әркетсіздігі, жеңіл дене жарақатымен немесе денсаулыққа өзге де елеусіз зиянмен ұштасқан физикалық азапты, адамгершілік азапты не материалдық немесе моральдық залалды келтіргендерге 150-180 сағатқа дейінгі мерзімге ақысыз қоғамдық жұмыстарға тартып қайта әлеуметтендіру курстарынан өту немесе 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру  жазасын тағайындау.
(2) сол әрекет: а) отбасындағы екі не одан да көп адамға зорлық-зомбылық көрсетілсе; b) денсаулыққа ауырлығы орташа немесе өзге де ауырлығы орташа дене жарақатын келтірсе, 180-240 сағатқа дейінгі мерзімге ақысыз қоғамдық жұмыстарға тартып қайта әлеуметтендіру курстарынан өту немесе 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау. (3) сол әрекет: а) ауыр дене жарақатын немесе денсаулыққа өзге де ауыр зиян келтірсе; b) өзіне-өзі қол жұмсауға немесе оған қастандық жасауға әкелсе; с) зорлық-зомбылық құрбаны қайтыс болса, 5 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау.
2. Дағдарыс орталықтарының жұмысы көрсететін қызметтердің сапасын арттыра отырып, отбасындағы зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыстарда медиацияны, яғни өзара отбасы мүшелерін өзара бітімге келтіруді шектеу арқылы «2030 жылға дейін әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты азайту бойынша жұмыс жоспарын» құру.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2017 жылғы 20 қаңтарда №14701тіркелген Қазақстан Республикасы Денсауылқ сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 21 желтоқсандағы №1079 бұйрығымен бекітілген Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына атаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартына өзгерістер енгізу (бағалау парағы, 1,2-қосымша).
4. ҚР «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» заңына және ҚР басқа да қосымша заңнамалық актілеріне отбасылық және гендерлік саясат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жұмыс тобын құру:
- 1-баптағы «жәбірленуші» сөзін «зәбір көруші» сөзіне ауыстыру, себебі «жәбірленуші» сөзі ҚР қылмыстық кодексінде қолданылады.
- 10, 11, 12-баптар. Ішкі істер органдарының, білім беру, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның құзіретіне: ата-аналарды немесе оларды алмастыратын, балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамайтын, балаларға қатысты құқыққа қайшы әрекеттер жасайтын адамдарды анықтау және ішкі істер органдарына тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері туралы хабарлап айту функциясымен толықтыру.
Қорытынды: Қазіргі уақытта Орталық қызметінде пайдаланылатын нормативтік құқықтық актілерде анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға бағытталған жұмыстар жалғасуда

2. Ішкі құжаттарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Орталықтың ішкі құжаттарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша ішкі талдау жұмыстарын жүргізу нәтижесінде келесі тұжырымдар жасалды:
Ішкі құжаттар құжат айналымы саласындағы қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес әзірленген.

Орталықтың ұйымдастырушылық-құқықтық нормативтік құжаттары:

Негізгі қызмет бойынша қолданыстағы ішкі нормативтік құжаттар 2018 жылы Алматы қаласы Мәдениет және мұрағат басқармасы бекіткен істер номенклатурасына сәйкес келеді.
2022 жылға арналған Штаттық кестені Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы 2022 жылғы 05 қаңтарда бекіткен. Қызметтік нұсқаулықтарды Орталықтың директоры бекіткен. 
2021-2023 жылдарға арналған ұжымдық шартты Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы жанындағы қызметкерлерді құқықтық қолдауды бақылау бөлімі 2021 жылы тіркеген. Ұжымдық шартқа қосымшалар: ішкі еңбек тәртібінің қағидалары; қызметкерлерге еңбекақы төлеу және сыйлықақы беру туралы ереже; қызметкерлердің дербес деректерін жинау, сақтау, өңдеу туралы ереже; жеке еңбек даулары жөніндегі келісу комиссиясы туралы ереже.
Еңбек қауіпсіздігі және екбекті қорғау мәселелері жөніндегі ішкі құжаттар, актілер, бұйрықтар, өкімдер Қазақстан Республикасының Еңбекті қорғау және қауіпсіздік жөніндегі заңнамалық және өзге де нормативтік актілерге сәйкес жасалған.
Шаруашылық операцияларды сипаттайтын қаржы-бухгалтерлік құжаттар мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларына және қаржы қызметінің нормативтік-құқықтық актілерінің басқа да талаптарына сәйкес келеді. Есеп () жасау үшін талдамалы есеп бухгалтерлік есептілікті жүргізу қағидаларына сәйкес жүргізіледі. І тоқсан бойынша салықтық, статистикалық есеп жасалды. Тауарлық-материалдық құндылықтарды есептен шығару ай сайын жүргізіледі.

Орталықтың ішкі өкімдік құжаттары:

 -   Негізгі қызмет бойынша бұйрықтар мен оларды тіркеу журналдары;
  -   Мемлекеттік сатып алулар бойынша бұйрықтар мен оларды тіркеу журналы;
  -   Негізгі қызмет бойынша бұйрықтар мен оларды тіркеу журналы (ТЗЗҚ қабылдау, шығару);
  -  Жеке құрам бойынша бұйрықтар мен оларды тіркеу журналы;
  - Кадрлар бойынша бұйрықтар мен оларды тіркеу журналы (еңбек демалысы, іс-сапарлар).
Жеке және заңды тұлғалардың өтінімдері.
Кіріс және шығыс құжаттарды тіркеу журналдары құжат жүргізу қағидаларына сәйкес жүргізіледі.
Орталықта жеке және заңды тұлғалардың өтініштері Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2021 жылғы 19 мамырдағы №70 «Мемлекетті органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаларға келіп түсетін өтініштерді тіркеу, есепке алу, сондай-ақ «электронды өтініштер» ақпараттық талдау жүйесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес қаралады.
2022 жылы 01 қаңтардан 15 маусымға дейінгі аралықта 2 өтініш келіп түсті, оның ішінде: жеке тұлғадан 2 өтініш түсті, ал заңды тұлғалардан өтініштер түскен жоқ. Өтініштер қаралды және өңделді. Қаралмаған өтініштер жоқ, талданып отырған кезеңде шағымдар түскен жоқ.
Алматы қаласы бойынша ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің басқармасына жеке және заңды тұлғалардың І тоқсанда келіп түскен өтініштері бойынша есеп берілді.
Азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай электрондық платформасы eotinish.gov.kz-те 2022 жылдың І тоқсанында орталыққа жеке және заңды тұлғалардан өтініштер түскен жоқ.
Қорытынды: Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының «Жан-Сая» дағдарыс орталығы» КММ-де ішкі құжаттарды жүргізу жұмыстары бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

3. Персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Кадр құрамына, штат кестесіне, жұмыс берушінің актілеріне, қызметкерлердің орындалатын жұмысқа қойылатын біліктілік талаптарына ішкі талдау жүргізу, орталық қызметкерлерінің жеке істері мен кадр құжаттарын қалыптастырудың сәйкестігі нәтижесінде мынадай тұжырымдар жасауға мүмкіндік береді:
Штаттық кесте бекітілді, қызметкерлердің штаттық-тізімдік құрамы (тарифтеу) ай сайын жүргізіледі. Штат саны 2022 жылғы 01 қаңтарда 36 адамды құрайды.
2022 жылдың 01 қаңтарынан 01 маусым аралығында 7 еңбек келісімшарты жасалды. Жаңадан қабылданған қызметкерлер Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Алматы қаласы бойынша басқармасының «Ақпараттық сервис»ММ базасы бойынша тексерілді – соттылығы және сыбайлас жемқорлық бұзушылықтары жоқ.
Есеп беру кезеңі бойынша қызметкердің өз еркімен жұмыстан шығуына байланысты 7 еңбек шарты жойылды. 
 Еңбек шарттарын бұзу Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүргізілді. Мүдделердің қақтығыс фактілері анықталған жоқ.
2022 жылғы 15 маусымдағы жағдай бойынша орталық қызметкерлерімен қазақ және орыс тілдерінде еңбек шарттары және оларға қосымша келісімдер жасалды, материалдық жауапты тұлғалармен толық материалдық жауапкершілік туралы шарттар жасалды. Еңбек кодексінің нормаларына сәйкес жеке құрам бойынша бұйрықтар. Лауазымдық нұсқаулықтарды орталық директоры бекітті және оларға қызметкерлер қол қойды. 2021-2023 жылдарға қолданыстағы ұжымдық шарт бар.
Жұмысқа қабылдау кезінде кадрларды іріктеу қызметкерлердің лауазымдық міндеттеріне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жүргізіледі:
- (Денсаулық сақтау) - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-305/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы мамандықтар мен мамандандырулар номенклатурасын, Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасы мен біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес;
- (Басқа да салалар) – «Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту ұйымдарының басшылары, мамандары мен басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м. а. 2017 жылғы 25 қазандағы № 360 бұйрығына сәйкес;
- (Білім беру) - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» № 338 бұйрығы;
           - (Әкімшілік персонал) - "Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 553 бұйрығы;
- (Жұмысшы персонал) - Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің Бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын шығаруға сәйкес.
Қызметкерлерге еңбекақы төлеу «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына сәйкес жүргізіледі.
Қызметкерлердің мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 10 маусымдағы № 495 бұйрығымен бекітілген азаматтық қызметшілер, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлері, әлеуметтік қамсыздандыру қазыналық кәсіпорындарының қызметкерлері үшін мамандық бойынша жұмыс өтілін есептеу қағидалары мен шарттарына сәйкес жүргізіледі.
Журналдардың есепке алу-тіркеу нысандары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы "Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" № 703 қаулысына сәйкес және істер номенклатурасына сәйкес жүргізіледі.
Еңбек кітапшаларын есепке алу Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 929 бұйрығымен бекітілген еңбек кітапшаларын жүргізу және сақтау қағидаларына сәйкес жүргізіледі.
Қызметкерлердің 2022 жылға арналған жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беру кестесі, тәрбиешілердің 2022 жылға арналған жұмыс уақытының ауысым кестесі, 2022 жылға арналған мамандардың біліктілігін арттыру курстарының кестесі директордың 2021 жылғы желтоқсандағы бұйрығымен бекітілген.
Жеке істерді қалыптастыру, Т-2 нысанындағы жеке карточка, жұмыс уақытын есепке алу табелі, еңбек шарттары мен еңбек кітапшаларын тіркеу істер номенклатурасына сәйкес жүргізіледі. Әскери міндеттілерді есепке алу журналы жүргізіледі.
Жақын туыстардың, ерлі-зайыптылардың және басқа да туыстардың бірге қызмет ету фактілерін анықтау мақсатында азаматтық қызметшілердің жеке істерін зерделеу жүргізілді, аталған факт анықталған жоқ.
     Жұмыс беруші мен қызметкердің арасындағы дауларды шешу үшін жеке еңбек даулары жөніндегі келісу комиссиясы құрылды. Есепті кезеңде тараптардың мүдделерін қарауға өтініштер түскен жоқ. Ұжымдық шарт жасалды, қызметкерлердің дербес деректерін қорғау туралы ереже (қызметкерлердің дербес деректерін өңдеу, сақтау, беру), келісу комиссиясы туралы ереже, еңбекке ақы төлеу және сыйлықақы беру туралы ереже, ішкі еңбек тәртібінің қағидалары және кадр қызметінің басқа да негізгі құжаттары сияқты нормативтік құжаттар бар.
Қорытынды: Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат Басқармасының «Жан-Сая» дағдарыс орталығы» КММ-де персоналды басқару, оның ішінде кадрлардың ауысуы, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
4. Мүдделер қақтығысын реттеу бағыты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
«Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының талаптарына сәйкес жүргізілетін мемлекеттік сатып алу рәсіміне талдау жүргізілді, конкурстық не аукциондық комиссия мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсімдерін орындау кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді әлеуетті жеткізушілердің үлестестігін анықтау бойынша жұмыс жүргізуде. Талданып отырған кезеңде үлестестік фактілері анықталған жоқ.
Мекеменің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 04 желтоқсандағы №434-V Заңға сәйкес мемлекеттік сатып алу веб-порталында жүзеге асырылады.
     01.01.2022 жылдан 15.06. 2022 жыл аралығында 70 келісімшарт жасалды.
Оның ішінде мемлекеттік сатып алу тәсілі бойынша: 
1. Ашық конкурс – 1 келісімшарт;
2. Өткізілмеген сатып алу бойынша бір арнадан сатып алу – 10 келісімшарт;
    3. Баға ұсыныстарының өтінімдері –11 келісімшарт;
4. Тікелей қорытынды жасау жолымен бір арнадан сатып алу  –5 келісімшарт;
5. Электронды дүкен – 43 келісімшарт.
Мүдделер қақтығысының фактілері анықталған жоқ.
Рұқсат беру функциясы жоқ. Бақылау функциясы жоқ.     
Қорытынды: Алматы қаласы әлеуметтік әл-ауқат Басқармасының «Жан-Сая» дағдарыс орталығы» КММ - де мүдделер қақтығысын реттеу бағыты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоқ.
Ұсыныстар:
1. Кадрлар жөніндегі маманға ұжыммен жиналыс өткізе отырып, еңбек тәртібін орындау мәселелері бойынша еңбек тәртібін орындау жөніндегі (тұрақты түрде) кадр жұмысын жалғастыру.
Made on
Tilda