Новости центра на каз

"Іскер Ана" Орталығы

Бүгін Медеу ауданындағы «Іскер ана» Орталығының көп балалы белсенді аналары «Жан-Сая» Дағдарыс Орталығында қонақтап қайтты. Олар өз тәжірибелерімен және білімдерімен бөлісіп, психологиялық тренинг, массаж бойынша шеберлік сыныбын ұйымдастырды және әйелдерге орамалды сәнді байлаудың үлгілерін үйретті. Бір сөзбен айтқанда, қонақтардың арқасында Дағдарыс Орталығында қоныстанған аналар уақыттарын өте қызықты әрі пайдалы өткізді. Дегенмен, уақытты пайдамен өткізу мұнымен аяқталмайды, біз шоперлер, тақия тігуді және массаж жасауды үйрену, отбасылық қарым-қатынастар бойынша тренингтерді өткізу сынды бірқатар іс-шараларды бірлесе жоспарладық. Дағдарыс Орталығы және әйелдердің атынан Балхия Балтабайқызы, Алижанова Гүлмира және Ахметова Назгүлге уақыттарын бөліп, пайдалы тәжірибелері мен дағдыларын бөліскендері үшін алғысымызды білдіреміз!

✨👤✨👤✨





☎️150
📱8 (727) 243 22 21
📱8 771 450 3 450
📧Kcalmaty2017@gmail.com

#ДағдарысОрталығы #КризисныйЦентр #Алматы #Зорлықзомбылыққажолжоқ #Нетнасилию #Орталықтынысы #БудниЦентра #алғысбілдіру #благодарность
Made on
Tilda