Новости центра на каз

«Зорлық-зомбылық және сыбайлас жемқорлықсыз Қазақстан» семинары

9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күнінде Antikor ұйымының ақпараттық-ағарту штабының өкілі Рамазан Бекбол Батыржанұлы «Жан-Сая» Дағдарыс Орталыа іс-сапармен жолығып қайтты. Ол «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-әрекеттің 16 күндігі» халықаралық акциясы аясында Дағдарыс Орталығы қызметкерлеріне арнап «Зорлық-зомбылық және сыбайлас жемқорлықсыз Қазақстан» тақырыбында семинар өткізді.

Спикер семинар барысында сыбайлас жемқорлықты анықтау, оның алдын алу жолдары және осыған байланысты құқық бұзушылық үшін Қазақстан Республикасының заңында көзделген жауапкершілік туралы баяндап, сыбайлас жемқорлықтың себептері мен салдарын айқындады. Сондай-ақ Бекбол Батыржанұлы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1424 Call-center қызметі туралы ақпаратпен бөлісті. 1424 сенім телефонының негізгі міндеті – азаматтарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша тегін консультациялық қолдау көрсету және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы телефон хабарламаларын қабылдау.

☎️ 150
📱 8 (727) 243 22 21
📱 8 771 450 3 450 (WhatsApp)
📧 Kcalmaty2017@gmail.com

#КризисныйЦентр #Алматы #ЗорлықзомбылықсызҚазақстан #Казахстанбезнасилия
Made on
Tilda