3 наурызда Құлақ және естудің халықаралық денсаулық күніне орай отоларинголог дәрігерлер «Жан-Сая» Дағдарыс Орталығындағы қызмет алушылар үшін тексеру өткізді. Шақырылған мамандар профилактикалық тексеріс жүргізіп қана қоймай, ақпараттық-ағарту жұмыстарын ұйымдастырып, балалар мен әйелдерге адамның есту аппараты қалай жұмыс істейтінін және оны қалай күту керектігін баяндап берді. Мамандардың Дағдарыс Орталығына іс-сапарын ұйымдастыруда атсалысқаны үшін Балаларға арналған ЛОР мүшелерінің патологиясы ғылыми-практикалық орталығының меңгерушісі Шамсудинов Т.М. және ШЖҚ «№5 қалалық клиникалық аурухана» МКК бас дәрігері Садыков Б.Н., сондай-ақ, қызмет алушыларды қарап, қамқорлық білдіргендері үшін және пайдалы ақпаратпен бөліскендері үшін жеке дәрігер Көпбергенов Н.А. мен мейірбике Нұркалиева С.Д. ханымға шексіз алғысымызды білдіреміз!