Новости центра на каз

Үйге қайта оралу

«Халықтың көші-қоны туралы» заңды бұзғаны үшін айыппұл төлеуді қажет ететін Ресей азаматшасына арналған қаражат жинау естеріңізде шығар. Ол тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болатын. Бүгін оның айыппұлды сәтті төлеп, балаларымен аман-есен отанына оралғанын қуанышпен хабарлаймыз. Қажетті сомманы жинауға атсалысқан әрбір жанға шексіз алғысымызды білдіреміз.

Осындай қиын жағдайда Шымкент және Мәскеу қалаларындағы әріптестеріміз Ресей ішінде орын ауыстыру бойынша жол билеттерін сатып алуда жәрдемдесті. «Сана сезім» әйелдер бастамаларының құқықтық орталығы» қоғамдық ұйымына, оның ішінде ұжым директоры Шахноза Хасановаға ерекше ілтипатпен алғысымызды білдіреміз.

Сондай-ақ, отбасының әскери ұшақ бортында Ресейге қайтуын ұйымдастырған РФ Әскери-әуе күштерінің 31-ші жеке гвардиялық десанттық-шабуылдау бригадасына және майор Михаил Беловке ерекше ризашылығымызды білдіреміз. Әскерилер қолдарынан келгенше көмектесті: жүктерін көтерісіп, ұшақты күту кезінде қауіпсіздік пен тамақты қамтамасыз етті, балаларға қамқорлық жасап, кәмпиттерін ұсынған.

Алматыдағы РФ бас консулдығы да шет қалмай, кейіпкерімізді өз еліне қайтаруға көмектесіп, барлық қажетті құжаттарды оперативті түрде қамтамасыз етті. Осы үшінде оларға алғысымызды білдіреміз. Игі іске үлес қосқандардың барлығына рақмет айтып, қызмет алушымыздың алдағы өмірі жарқын болады деп үміттенеміз.



☎️150
📱8 (727) 243 22 21
📱8 771 450 3 450
📧Kcalmaty2017@gmail.com

#ДағдарысОрталығы #КризисныйЦентр #Алматы #Зорлықзомбылыққажолжоқ #Нетнасилию #Алғысбілдіру #Благодарность #Мирдолжензнать #Одобрыхделах
Made on
Tilda