Бүгін «Жан-Сая» Дағдарыс Орталығында қоныстанған балақайлар үшін кішігірім мереке өтіп, олар Қазақстандағы басты цирк болып саналатын Алматылық Циркте қонақтап қайтты. Онда «Біз сіздермен біргеміз» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Мұсаев Ұлан Жолдошбекұлының ұйымдастыруымен Балаларды қорғау күніне орай қайырымдылық негіздегі қойылым өткізілді. Балалар акробаттардың әртүрлі қабілеттері мен талантына таңданып, тамашалаған қойылымдарына риза болып қайтты. Соған қарағанда балалар үшін мереке сәтті өткен сияқты. Дағдарыс Орталығы «Біз сіздермен біргеміз» МҚБ және Мұсаев Ұлан Жолдошбекұлына тарту етілген билеттер мен балалардың жадында ұзақ сақталатын қуанышты сәттер үшін шын жүректен алғысын білдіреді! ⠀ ✨🎪✨🎪✨