Новости центра на каз

Алғыс білдіру

Еңбек терапиясы – еңбек қызметінің әртүрлі нысандары арқылы оңалту әдістерінің бірі. «Жан-Сая» Дағдарыс Орталығының қызмет алушылары шығармашылық және қолөнермен айналысады. Бұл оларға өздерін өте әдемі дүниені жаратушы ретінде сезініп, сол арқылы шабыттанып, ресурстық күйін толықтыруға көмектеседі. Бірақ, осындай керемет нәрселерді жасау үшін белігілі бір жабдықтар қажет. Мысалы, фотода Орталықта тұрақтанған балалар мен әйелдердің қолымен жасалған әшекейлер бейнеленген. Әшекейлер жасалған жабдықтарды Ольга мен Лейла есімді екі ару ұсынған болатын. Олар зергерлік бұйымдарды жасауға арналған тастар мен моншақтардың арнайы толық жиынтығын және қажетті фурнитураны сыйға тартты. Осының арқасында суреттегідей әсем де нәзік білезіктер, алқалар мен сырғалар дүниеге келді. Дағдарыс Орталығы атынан Ольга мен Лейлаға ізгі жүрегі мен игі ісі, осындай керемет дүниені жасаудың мүмкіндігі үшін алғысымызды білдіреміз!

✨💍✨💍✨



☎️150
📱8 (727) 243 22 21
📱8 771 450 3 450
📧Kcalmaty2017@gmail.com

#ДағдарысОрталығы #КризисныйЦентр #Алматы #Зорлықзомбылыққажолжоқ #Нетнасилию #Орталықтынысы #БудниЦентра #алғысбілдіру #благодарность
Made on
Tilda