Өткен Балаларды қорғау күні аясында 3 маусым күні Emperum туристік компаниясының өкілдері «Жан-Сая» Дағдарыс Орталығында қонақтап, балақайларды мерекелерімен құттықтады. Олар көңілді аниматорларды шақырып, көптеген сыйлықтарды тарту етіп, бөбектерімізге ұмытылмас күнді сыйлады. Шаттыққа толы іс-шара бірнеше сағатқа созылды, онда түрлі ойындар, билер ұйымдастырылып, өлеңдерін жарыса оқыған балақайлардың барлығы бір-бір сыйлыққа ие болды. Мұндай мереке барлық балалар үшін, әсіресе, отбасы қиын жағдайға тап болғандар үшін үлкен қуаныш. Дағдарыс Орталығы атынан @emperum.kz-ке бөлінген көңілдері мен кең пейілділігі үшін, балаларға арналған керемет мереке үшін алғысымызды білдіреміз! ⠀ ✨🎈✨🎈✨ ⠀