Новости центра на каз

Мектепке жол

Жазғы күннің қапырығы басылып, біраз салқындап, ауада күздің лебі де сезілуде. Демек, мектепке дайындалатын кез келді. Биылғы дайындығымызға Айдана мен Камила есімді белсенді, әрі қамқор бойжеткендер атсалысты. Олар командасымен бірге жыл сайынғы «Мектепке жол» акциясын қолдап, Дағдарыс Орталығында қоныстанған әрбір баланы аяқ киіммен қамтамасыз етті.

Қайырымдылық үшін қаражат өте ерекше жолмен жиналды. Бұл жаңа форматтағы кеш, @dont_be_a_dick_pls жобасы диджейлерінің концерті болатын.

Айдана, Камила және @dont_be_a_dick_pls жобасының барша ұжымына «Жан-Сая» Дағдарыс Орталығы және осында қоныстанған барша балақайлардың атынан жанашырлығы мен бастамашылдығы, мейірімділігі мен белсенді ұстанымдары үшін алғысымызды білдіреміз. Олардың арқасында Дағдарыс Орталығындағы балалар оқу жылын жаңа киіммен және жақсы көңіл-күймен бастайды, өйткені әрбір сатып алынған жаңа зат балалардың рухын көтеріп, оларға мотивация береді.

✨📚✨📚✨






☎️150
📱8 (727) 243 22 21
📱8 771 450 3 450
📧Kcalmaty2017@gmail.com

#ДағдарысОрталығы #КризисныйЦентр #Алматы #Зорлықзомбылыққажолжоқ #Нетнасилию #Орталықтынысы #БудниЦентра #алғысбілдіру #благодарность
Made on
Tilda