Новости центра на каз

Қаржылық мәселелер

«Жан-Сая» Дағдарыс Орталығында қоғамдық медиатор Амирханова Асыл Тулегенқызы іс-сапармен болып қайтты. Ол ақысыз негізде қызмет алушылар үшін кеңес беру өткізіп, олардың банк, микрокредиттік ұйымдар және сот орындаушылармен байланысты мәселелерінің шешу жолдарып бірлесе қарастырды. Асыл ханым Орталықтағы әйелдердің барша сұрақтарына жауап беріп, кейбір құжаттарды толтыруға да көмектесті. Қаржылық мәселе – тәуелділікке алып келетін себептердің бірі, Орталыққа түсетін жандардың көбісі бас қатыратын нәрсе де осы. Асыл ханымның арқасында белгісіз болған біраз нәрсе әйелдер үшін анықталып, олар өздері үшін әрекет ету жолдарын түйіп алды. «Жан-Сая» Дағдарыс Орталығы және осында қоныстанған әйелдердің атынан Амирханова Асыл Тулегенқызына @mediatoralmaty2022 мейірімділігі, қамқорлығы мен түсінікті, әрі нақты ақпараты үшін алғысымызды білдіреміз!

✨☘️⠀✨☘️✨


☎️150
📱8 (727) 243 22 21
📱8 771 450 3 450
📧Kcalmaty2017@gmail.com

#ДағдарысОрталығы #КризисныйЦентр #Алматы #Зорлықзомбылыққажолжоқ #Нетнасилию #Орталықтынысы #БудниЦентра #алғысбілдіру #благодарность
Made on
Tilda