Бүгін барша қазақ елінде Жалпыұлттық аза тұту күні. Террористтер мен лаңкестерге қарсы күресте қаза тапқан барлық сарбаздардың туған-туыстарына және осындай сұмдық оқиғалардың барысында жақындарынан айырылған жандарға “Жан-Сая” Дағдарыс Орталығы атынан шын ниетпен көңіл айтамыз. Қайғыларыңызға ортақпыз! Өмірі қыршын кеткен батырларымыздың ерлігі үшін алғысымыз шексіз! Мәселені шешуде Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қабылдаған шешімдерді қолдап, жақын арада халқымыз тыныш өмірге қайта оралады деп сенеміз!