Жақында Дағдарыс Орталығында қоныстанған балалар Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының Жаңа жылдық қойылымын тамашалаған болатын. Театр залында көрермен болып қайтқан жас ұрпақ рухани дамып, шығармашылық ой өрісі мен дүниетанымын тереңдете түсті. Трансформерлер хикаясын баяндайтын заманауи қойылым балалардың көңілінен шықты, үйге қайтарында жүздерінде күлкі ойнап, сергіп қайтты. «Жан-Сая» Дағдарыс Орталығы атынан Ғабит Мүсірепов атындағы театр әкімшілігіне керемет қойылымды ақысыз негізде тамашалауға мүмкіндік бергендері үшін және қонақжа йлығы үшін алғысымызды білдіреміз! ⠀ ☎️150 📱8 (727) 243 22 21 📱8 771 450 3 450 (WhatsApp) 📧Kcalmaty2017@gmail.com ⠀ #Алматы#ДағдарысОрталығы#КризисныйЦентр#Насилиюнет#Зорлықзомбылыққажолжоқ#Алғысбілдіру#Благодарность