Балалар – өмірдің гүлі, олардың бақыты мен қуанышы айналамызды нұрландырып, оны жарқын етеді. Орта есеппен «Жан-Сая» Дағдарыс Орталығында балалардың саны аналардан әлдеқайда көбірек. Оған себеп бізге түсетін әйелдердің үлкен бөлігінің көп балалы болуы. Осы үшін де ойыншықтар ешқан жеткілікті болған емес. Алайда, қуанышымызға орай, мейірімді адамдар қайырымдылық негізінде балақайларға арнап түрлі ойыншықтарды жеткізеді. Бұл жолы да есімін жасыруды қалаған жас келіншек Орталықтағы балақайларға үлкенді-кішілі, түрлі түсті жұмсақ ойыншықтарды сыйға тартты. «Жан-Сая» Дағдарыс Орталығы мен кішкентай қызмет алушылардың атынан мейірімділік пен игі іс, балалардың жүзіндегі қуаныш үшін шексіз алғысымызды айтамыз!