Новости центра на каз

Қош келдің, әз-Наурыз!

Бүгін «Жан-Сая» Дағдарыс Орталығында ата заманнан жалғасын тауып келе жатқан ұлы мереке – әз-Наурыз тойланды. Мейрам Ұлыстың Ұлы күнінің тарихын баяндайтын бейнебаян көрсетілімінен бастау алып, қолөнер, әшекей бұйымдарды жасау шеберлік сыныбымен жалғасты. Ал қорытынды ретінде қызмет алушылардың қатысуымен кішігірім концерттік бағдарлама қойылып, оның соңында қатысулышардың бәріне ұлттық тағамдардың бірі – бауырсақ пен тәттілер тарту етілді.

«Жан-Сая» Дағдарыс Орталығының ұжымы мен тұрғындары барша достарымызды Наурыз мерекесімен құттықтайды! Жаңа жыл сіздерге адами бақыт, шығармашылық табыс, істеріңізге береке, елімізге құт - мереке әкелсін деп тілейміз!

✨🌹✨🌹✨








☎️150
📱8 7 771 450 3 450 (WhatsApp)
📱8 7(727)243 22 21
📧kcalmaty2017@gmail.com

#Алматы #ДағдарысОрталығы #КризисныйЦентр #Насилиюнет #Зорлықзомбылыққажолжоқ #әзНаурыз #ҰлыстыңҰлыКүні #Байсакова
Made on
Tilda