Новости центра на каз

Гуманитарлық көмек

Рим императоры, философ Марк Аврелий былай деген: «Табиғат адамның бойына барлық адамзатқа қамқорлық жасау қажеттілігін берген». Бүгін біз оқырмандарымызға табиғи болмысы мейірім мен жомарттыққа негізделген бойжеткен жөнінде баяндамақшымыз. Ол ұзақ уақыт бойы қайырымдылықпен айналысып, қиын өмірлік жағдайда қалған адамдарға қол ұшын созып, әлеуметтік мекемелерге қолдау көрсетіп келеді. Кеше Назгүл біздің Дағдарыс Орталығымызға келіп, балаларға жөргектер мен тәттілерді тарту етті. Қазіргі таңда Орталықта қоныстанған кішкентай балалардың саны көп, сол себепті жөргектер түріндегі көмек дер кезінде келіп жетті дей аламыз. «Жан-Сая» Дағдарыс Орталығының атынан мейірімділігі мен игі бастамасы үшін Назгүлге алғысымызды білдіреміз!

✨🎁✨🎁✨

☎️150
📱8 (727) 243 22 21
📱8 771 450 3 450
📧Kcalmaty2017@gmail.com

#ДағдарысОрталығы #КризисныйЦентр #Алматы #Зорлықзомбылыққажолжоқ #Нетнасилию #Орталықтынысы #БудниЦентра #алғысбілдіру #благодарность
Made on
Tilda