Балаларға қатысты зорлық-зомбылық балалардың, отбасылар, қауымдастықтар және тұтастай мемлекеттердің денсаулығы мен әл-ауқатына өмір бойына әсер етеді. Балаларға қатысты зорлық-зомбылық келесідей әсер қалдыруы мүмкін:
⠀
- Өлімге алып келу. Көбінесе пышақ пен мылтық сияқты қарумен жасалатын кісі өлтіру жасөспірімдер өлімінің негізгі үш себебінің бірі болып табылады, құрбандар мен қылмыскерлердің 80%-дан астамы ұлдарға тиесілі.
⠀
- Ауыр жарақаттарға алып келу. Әрбір кісі өлтіруге төбелестер мен шабуылдар нәтижесінде жарақат алған жастар арасынан жүздеген зорлық-зомбылық құрбандары келеді (олардың үлкен бөлігі ер адамдарға тиесілі).
- Ми мен жүйке жүйесінің дамуына әсер етеді. Ерте жаста көрген зорлық-зомбылық ми дамуының бұзылуына әкелуі мүмкін және жүйке жүйесінің басқа бөліктеріне, сондай-ақ эндокриндік, қан айналымы, тірек-қимыл аппараты, репродуктивті, тыныс алу және иммундық жүйелерге теріс әсері өмір бойы сақталады. Осыған байланысты балаларға қатысты зорлық-зомбылық танымдық дамуға жағымсыз ықпал етіп, оқу және кәсіби үлгерімге зиянын тигізе алады.
- Денсаулыққа қауіп төндіретін мінез-құлық пен күйзеліске теріс реакция тудыру. Зорлық-зомбылыққа және басқа да жағымсыз факторларға тап болған балалардың темекі шегуге, ішімдікке әуестенуге, есірткі қолдануына және қауіпті жыныстық қатынасқа түсу ықтималдығы жоғары. Сондай-ақ оларда мазасыздықтың, депрессияның, психикалық денсаулықтың басқа мәселелерінің және суицидтің жоғары көрсеткіштері көрініс табуда.
- Жоспарланбаған жүктілікке, жасанды түсіктерге, гинекологиялық мәселелерге және жыныстық жолмен берілетін инфекцияларға, соның ішінде АҚТҚ-ға әкеледі.
- Кейінгі өмірде жұқпалы емес аурулардың кең ауқымын дамытуға үлес қосу. Жүрек-тамыр аурулары, қатерлі ісік, қант диабеті және денсаулықтағы басқа да ауытқулардың даму қауіпінің жоғарлауы стреске және зорлық-зомбылық салдарынан жоғары қауіпті мінез-құлыққа теріс реакциямен байланысты.
- Мүмкіндіктер мен болашақ ұрпаққа әсер ету. Зорлық-зомбылық пен басқа да келеңсіз жағдайларға ұшыраған балаларда мектепті тастап кетіп, жұмыс табу және оны сақтауда қиындықтармен кездесу ықтималдығы жоғары. Олар сондай-ақ тұлғааралық пен өзіне қарсы зорлық-зомбылықтың құрбаны болып, немесе мұндай зорлық-зомбылықты кейінірек өздері жасауы мүмкін. Осыған байланысты балаларға қатысты зорлық-зомбылық болашақ ұрпаққа жағымсыз әсер ететіні анық.
⠀
Дереккөз: www.who.int
☎️150
📱8 (727)243 22 21
📱8 771 450 34 50 (WhatsApp)
📧kcalmaty2017@gmail.com
⠀
#Дағдарысорталығы #кризисныйцентр
#Алматы #зорлықзомбылықсызүй
#домбезнасилия #КЦЖанСая #Пайдалыақпарат #полезнаяинформация