Новости центра на каз

ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ ҚАЗАҚСТАН


«Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенділік» халықаралық акциясы

Құрметті әріптестер!


Жыл сайын дүние жүзінде 50 000 астам әйел тұрмыстық зорлық-зомбылықтан көз жұмады. Бұл Біріккен Ұлттар Ұйымының деректері.  Әйелдер рұқсат етілген өзін-өзі қорғау шегінен асып кеткендері үшін ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылады, ауыр психикалық және физикалық жарақаттармен ауруханаларға түседі, олардың балалары зорлық-зомбылық көріністеріне куә болып, қатты күйзеліске ұшырайды, бұл энурез, кекештік, псориаз және т.б. сияқты психосоматикалық ауруларға әкеледі.

Өкінішке орай, бүгінде Қазақстан осы қорқынышты статистиканың бір бөлігі болып табылады. Былтыр карантин кезінде еліміздегі тұрмыстық зорлық-зомбылықтың деңгейі 41%-ға өскен. Жыл сайын «Дағдарыс орталықтары одағы» Заңды Тұлғалар Бірлестігіне мүше ұйымдар 25 мыңнан астам әйелге құқықтық және психологиялық көмек пен әлеуметтік қолдау көрсетеді, 17 000 абонент №150 Балалар мен жастарға арналған Ұлттық сенім телефонына жүгінеді, ал 7000-ға жуық балалы әйел әлеуметтік баспаналарды паналауға мәжбүр болады.

25 қараша Қазақстанда «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенділік» халықаралық акциясы басталады. Акцияның мақсаты – қоғамды қатыгездікке бей-жай қарамауға шақыру, салауатты қарым-қатынас мәдениетін насихаттау, әділет жүйесінің мүмкіндіктеріне сенім артуға мүмкіндік беру, зорлық-зомбылық құрбандарына нақты көмек көрсету.

Осы науқан аясында Қазақстандағы «Дағдарыс Орталықтарының Одағы» Заңды Тұлғалар Бірлестігі «Жан-Сая» Дағдарыс Орталығы Коммуналды Мемлекеттік Мекемесі және Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасымен бірлесе отырып, «Зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» атты баспасөз конференциясынан бастау алатын бірқатар іс-шараларды өткізбекші. Баспасөз конференциясы 2021жылдың 25 қарашасында сағат 10.00 Алматы қ. Қажымұқан көш. 49 мекенжайы бойынша орналасқан «Shera Inn Hotel» қонақ үйенде өтеді. Оған тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдер мен сарапшылар қатысады

Акция аясында ұйымдастырылатын іс-шаралар анонсы:

25 қараша–10 желтоқсан:
1) Полиция Фронт офистарына негізделген қоғамдық қабылдау бөлімшелеріндегі психолог мамандардың кеңес беруі.
2) Али Окаповпен бейнебаяндардын көрсетілуі (РТС қондырғыларда, үлкен LED экрандарда, әлеуметтік желілерде, Алматы қ. Метросындағы телеэкрандарда).
3) «Зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» республикалық ақпараттық науқаны туралы ақпаратты орналастыру (Әлеуметтік желілерде, серіктестердің сайтында, Фейсбукте, Instagram және YouTube-та). 
4) №150 Балалар мен жастарға арналған Ұлттық сенім телефоны арқылы кеңес беру.
Телефон: 150
WhatsApp: 8 708 10 608 10
Сайт: www.telefon150.kz
5)Психолог және заңгер мамандардың жеке кеңес беруге қабылдауы (Көп балалы және аз қамтылған «Бақытты Отбасы» әлеуметтік орталықтарында).

25 қараша:
1) Ди-Ди такси қызметімен бірлескен «Қауіпті бақылауында ұста» акциясы.   
2) «Зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» республикалық ақпараттық акцияның басталуына арналған баспасөз конференциясы.
3) «Зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» республикалық дөңгелек үстелі.

26 қараша:
1) «Өзіңізді агрессивті мінез-құлық деңгейіне тексеріңіз» экспресс-тестілеуін өткізу («Жан-Сая» Дағдарыс Орталығы, онлайн).
2) Ерлер колониясында «Өзіңізді агрессивті мінез-құлық деңгейіне тексеріңіз» экспресс-тестілеуін өткізу («Реванш» Қоғамдық Қоры, онлайн).
3) «Жастардың психикалық денсаулығын сақтау және нығайту» республикалық дөңгелек үстелі7
 4) «Мүмкін емес ештеңе жоқ. Невозможное возможно» республикалық онлайн-байқауының қорытындысын шығару.

29 қараша: 
1) Дағдарыс орталықтарының әлеуметтік қызметкерлеріне арналған «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын оңалту және қайта әлеуметтендіру бойынша әлеуметтік қолдауды ұйымдастыру» қазақ тілді вебинары («Жан-Сая» Дағдарыс Орталығы , онлайн)

30 қараша:
1) Дағдарыс орталықтарының мамандарына арналған «Зорлық-зомбылық ВИЧ-СПИД аясында» атты орыс тілді семинар («Реванш» Қоғамдық Қоры, Алматы қ., Зенкова көш. 15 – «Бакытты Отбасы» Орталығы).
2) Алматы облысының әйелдер колониясында бейнелеу өнері бойынша байқау («Реванш» Қоғамдық Қоры).

02 желтоқсан:
1) «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек сұраудың жасырын қимылы» челленджін бастау (Әлеуметтік желілерде).  
2) Әйелдерді зорлық - зомбылықтан қорғау бөлімшелерінің инспекторларының, дағдарыс орталықтарының телефондары көрсетілген буклеттер мен парақшаларды тарату.
Алматы қаласы бойынша демалыс және сауда ойын-сауық орталықтарында 

03 желтоқсан:
1) «Әйел жиһаздың бір бөлігі» перфомансы (AVON).

2) «Әрқашан таңдауға құқығың бар» кітабының тұсаукесері («Дағдарыс орталықтарының одағы» ЗТБ).
3) Фотограф Мақсат Тұрсынбайұлының «Зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» фотокөрмесін ұйымдастыру («Жан-Сая» Дағдарыс Орталығы) 

06 желтоқсан:
1) «Сырласу. По душам» баспасөз туры. Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған «Жан-Сая» Дағдарыс Орталығына және «№150 Балалар мен жастарға арналған Ұлттық сенім телефоны» қызметінің кеңсесіне саяхат жасау.
2)«Саусақпен сурет салу» дәстүрлі емес техникасын қолдану арқылы сурет салу бойынша «Жанұя» шеберлік сыныбын өткізу.

07 желтоқсан:
 1) «Өз агрессия деңгейінді қалай басқаруға болады» тренингі, мінез-құлықты басқару әдістері мен дағдыларын «Жан-Сая» Дағдарыс Орталығының психологтарымен меңгеру.
Алматы қ., Сейфуллин көш. 577, каб.№ 9
2)  «Зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» акциясы, тұрмыстық зорлық-зомбылықтан мерт болған құрбандарға, оның ішінде балаларға да арналған естелік ағашына лента байлау.
Панфилов көшесіндегі аллеясында (Қабанбай батыр және Бөгенбай батыр көшелерінін арасында).

08 желтоқсан: 
1) «Көп қырлы феминизм» пікірталас алаңы (Алматы қ. Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының «Әлеуметтік қызметтер үйі» мәжіліс залы). 
2) Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері бойынша ҚР Заңына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Парламентіне Үндеу жіберу.

09 желтоқсан:
1) Перфоманс «Беті ашық әйелдер»  (ARTиШОК театры)
2)  «Зорлық-зомбылық және сыбайлас жемқорлықсыз әлем» семинары («Жан-Сая» Дағдарыс Орталығы).
3) Дағдарыс орталықтарының мамандары үшін «Шаршау синдромының алдын алу» семинары («Реванш» Қоғамдық Қоры).

10 желтоқсан:
Азия мен Әлемнің абсолютті чемпионы, ITF таэквандо бойынша 7 dan, PhD, профессор Светлана Канмен агрессияға қарсы тұру әдістерін көрсету және практикалық дағдыларды жаттықтыру бойынша «Қауіпті бақылауында ұста» шеберлік сыныбы.



☎️ 150
📱 8 (727) 243 22 21
📱 8 771 450 3 450 (WhatsApp)
📱 8 708 379 30 55 (БАҚ аккредитациясы)  
📧 Kcalmaty2017@gmail.com

#ДағдарысОрталығы #КризисныйЦентр #Алматы #ЗорлықзомбылықсызҚазақстан #Казахстанбезнасилия #Зорлықзомбылықсыз16күн #16днейбезнасилия #Гендерлікзорлықзомбылыққақарсы16күндікбелсенділік #16днейактивныхдействийпротивгендерногонасилия
Made on
Tilda