Новости центра на каз

АРДИ-ге алғыс білдіру

«Бір игі істен екіншісі пайда болады» деп жатады, бұл сөздер «АРДИ» мүгедек балалардың ата-аналары қауымдастығының қызметін дәл сипаттап тұрғандай. Олар мүмкіндігі шектеулі балалардың өзгелермен тең дәрежеде өмір сүруін, жан-жақты дамуын қамтамасыз етіп, олардың өмірін жағымды сәттерге толтырады. Игі іске негізделген қызметімен қатар, «АРДИ» орталығының маманы «Жан-Сая» Дағдарыс Орталығындағы балалы әйелдердің бірін қайырымдылық негізде қабылдады. Кішкентай қызмет алушымызды невропатолог дәрігері Қожанова Айсұлу Масамқызы толық бақылаудан өткізіп, нақты диагноз қойып, қажетті дәрі-дәрмектерді жазып берді. Қатыгездік пен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың куәгеріне айналған балақайдың дәрігерге көріну қажеттігі бұрыннан-ақ белгілі еді. Оның мінез-құлқы мен жасынан бірер жылға артта қалған дамуы анасын осыған дейін де алаңдатқан. Алайда, орын алған жағдайға байланысты баласын дәрігерге көрсетуге еш мүмкіндігі болған жоқ. Қуанышымызға орай, «АРДИ» басшысы Ахтанова Асия Тахавиевна бізге невропатологтың толыққанды тексеруінен тегін өтуге мүмкіндік берді. «Жан-Сая» Дағдарыс Орталығының атынан «АРДИ» орталығының басшысы Ахтанова Асия Тахавиевна мен невропатолог дәрігері Қожанова Айсұлу Масамқызына ұсынылған мүмкіндік пен серіктестік қолдауы үшін шексіз алғыс білдіреміз! Мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсету сияқты қиын, әрі маңызды жұмыста сәттілік тілейміз!

☎️150
📱8 (727) 243 22 21
📱8 771 450 3 450
📧Kcalmaty2017@gmail.com

#ДағдарысОрталығы #КризисныйЦентр #Алматы #Зорлықзомбылыққажолжоқ #Нетнасилию #Орталықтынысы #БудниЦентра #Алғысбілдіру #Благодарность
Made on
Tilda