Новости центра на каз

Ақпараттық-түсіндірме жұмыстары

«Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-әрекеттің 16 күндігі» атты халықаралық акцияға бағытталған «Зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» Республикалық кампанияның аясында бүгін «Жан-Сая» Дағдарыс Орталығының қызметкерлері әйелдердің құқығын зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімшелердің инспекторларымен бірігіп, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Алматы қаласының сауда және ойын сауық орталықтарында, базарларда құқық қорғаушы органдардың, дағдарыс орталықтарының байланыс ақпараттары жазылған бүктемелер мен жадынамалар таратылды. Серіктестерімізбен бірге біздің қызметкерлер қоғамдық орындарға келушілерге тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайында әрекет ету алгоритмін түсіндіріп, Дағдарыс Орталығының қызметі туралы айтып берді.




☎️ 150
📱 8 (727) 243 22 21
📱 8 771 450 3 450 (WhatsApp)
📧 Kcalmaty2017@gmail.com

#ДағдарысОрталығы #КризисныйЦентр #Алматы #ЗорлықзомбылықсызҚазақстан #Казахстанбезнасилия #Зорлықзомбылықсыз16күн #16днейбезнасилия #Гендерлікзорлықзомбылыққақарсы16күндікбелсенділік #16днейактивныхдействийпротивгендерногонасилия
Made on
Tilda