⠀
✨Барлық іс-шара Алматы қаласының таңдаулы интерьер үйлерінің бірінде @artedicasa-да өтіп, «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-әрекеттің 16 күндігі» Халықаралық акциясына бағытталды. Перформанс «Әйел жиһаздың атрибуты емес» деп аталды. Бұнда жиһаздың бір бөлігі ретінде көрсетіліп, қорапқа салынған әйелдер қатыстырылды. Қорапта «өнім» атауы да, сипаттамасы мен пайдалану нұсқаулары да, сондай-ақ зорлық-зомбылыққа ұшыраған әр әйелдің хикаясын тыңдап шығуға мүмкіндік беретін QR кодтарда жазылған.
⠀
✨Көпшілік алдында алғаш рет таныстырылған «Таңдау құқығы әрқашанда бар» кітабы @soyuz_kz Дағдарыс Орталықтары Одағымен шығарылды. Оны құрастыруда жасөспірім жасындағы балалар мен суретші, иллюстратор Дина Буксикова және оның қызы атсалысты. Кітап орыс және қазақ тілдерінде жарық көрді, ол №150 сенім телефонына қатысты комикстерді қамтиды және балалар мен жастардың құқықтарын қорғау құралдары жөнінде баяндайды.
⠀
✨Кәсіби фотограф Мақсат Тұрсынбайұлы түсірген суреттерде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған және бір кездері «Жан-Сая» Дағдарыс Орталығының қызметін алған әйелдер бейнеленген. Қиын бейімделу кезеңінен өткен олар, еркін және тәуелсіз өмірге дайын өздерінің жаңа келбеті мен көзқарастарын жеткізуге тырысты.






☎️ 150
📱 8 (727) 243 22 21
📱 8 771 450 3 450 (WhatsApp)
📧 Kcalmaty2017@gmail.com
⠀
#ДағдарысОрталығы #КризисныйЦентр #Алматы #ЗорлықзомбылықсызҚазақстан #Казахстанбезнасилия #Зорлықзомбылықсыз16күн #16днейбезнасилия #Гендерлікзорлықзомбылыққақарсы16күндікбелсенділік #16днейактивныхдействийпротивгендерногонасилия