⠀
Дағдарыс Орталығы туған күнін ерекше өткізуге тырысты. Мереке «Іскер Ана» Орталығындағы көп балалы аналардың қолөнер жәрмеңкесімен бастау алды. Концерт залының кіреберісінде қонақтарды шағын хайуанаттар бағы, фото-зона, өзіңе байланысты болжам алуға немесе Орталыққа жылы лебізінді білдіруге болатын тілектер аймағы және бір кездері Орталықта қоныстанған әйелдердің хакаяларын баяндайтын фото-көрме күтіп тұрды.
⠀
Концерт барысында Қазақстан эстрадасының белгілі әншілері, балалар ансамбльдері мен Орталық достары жылы лебіздерін білдіріп, өз өнерлерін көрсетті. Ұйымымыздың дамуына зор үлес қосқан серіктестер мен демеушілер мерейтойлық мүсіншелермен және алғыс хаттармен марапатталды.
⠀
Шара соңында жиналған барлық балалар үлкен торттағы шамды сөндіріп, сүйікті тәттілері мен шырыннан дәм татты. Ересек қонақтар бірлік пен татулықтың символы ретінде аспанға көгершіндер ұшырып, мерекені аяқтады. Орталық 5-жылдығына арналған іс-шара тамаша өтті. Маңызды күнде бізге қолдау көрсеткен әрбір жаңға алғыс білдіреміз!
@toidami
@gulnaztemeshowa
@avonkazakhstan
@shardinov_azmk
@lanzhou_kafe
@kaliya_kz
@aizhan_nurmagambetova_official
@asselsagatova
@ainur_ilyasova
@dinara_sultan1
@anarabatyrkhan
@baqyttyotbasy.kz
@soyuz_kz






#ДағдарысОрталығы #КризисныйЦентр #Алматы #Зорлықзомбылыққажолжоқ #Нетнасилию #5years #5лет #5жыл #news #новости #жаңалықтар