Новости центра на каз

Алғыс білдіру

🚩Өмірдің сынағына сынбай, өз жолын тауып, адамдершілігін сақтай білгендер – нағыз көреген, данагөй тұлғалар деседі. Бүгінгі посттың басты кейіпкері де дәл осындай жан. Маргарита Белобаба Дағдарыс Орталығының ең алғашқы қызмет алушыларының бірі болатын. Кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болған көп балалы ана мамандардың көмегіне жүгініп,өзін-өзі табудың қиын жолынан өтті. Ол мүмкіндігі шектеулі, қиын өмірлік жағдайға тап болған жандарға, көп балалы және аз қамтылған отбасыларына қол ұшын созып, демеу болуға тырысады.
⠀
Ал жақында қайырымдылық мақсатымен ол «Жан-Сая» Дағдарыс Орталығында болып, қызмет алушыларға арнап күнбағыс майы мен түрлі қысқы тұздықтарды табыстады. «Жан-Сая» Дағдарыс Орталығы атынан Маргарита Белобабаға мейірімділігі мен кең пейілділігі, ішкі күш-қуаты мен көмекке деген құштарлығы үшін үлкен алғысымызды білдіреміз!
⠀
✨🔸✨🔸✨

☎️ 150
📱 8 (727) 243 22 21
📱 8 771 450 3 450 (WhatsApp)
📧 Kcalmaty2017@gmail.com
⠀
#Алматы #ДағдарысОрталығы #КризисныйЦентр #Насилиюнет #Зорлықзомбылыққажолжоқ #Алғысбілдіру #Благодарность
Made on
Tilda