⠀
🔸Жаһандық акцияның тарихы Мирабаль отбасындағы апалы-сіңлілердің оқиғасынан басталады. 1960 жылы 25 қарашада Доминикан Республикасында орнатылған диктаторлық режимге қарсы күрескен саяси белсенді апалы-сіңлілі үш қыз айуандықпен өлтірілді. Жартастың етегінде олардың денелерін тапқан жергілікті халық қатты қапаланып, сұрапыл оқиғанын арты наразылық толқындарына үлесті. Арада бір жыл өткен соң диктаторды белгісіз біреулер атып, оның режимі құлатылды. Ал апалы-сіңілілерге Ұлттық қаһармандар атағы беріліп, олардың құрметіне 25 қараша Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы күрестің халықаралық күні болып бекітілді. Осының негізінде кейіннен зорлық-зомбылықсыз 16 күн акциясы да пайда болды.
⠀
🔸 «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенділік» - осы саладағы барлық ұйымдар мен белсенділер түрлі кампаниялар мен акциялар арқылы зорлық- зомбылық мәселесіне барынша көбірек назар аудартуға тырысатын 16 күн. Әлбетте, «Жан-Сая» Дағдарыс Орталығы да бұл шарадан қалыс қалмайды.
🔸🔸🔸
☎️ 150
📱 8 (727) 243 22 21
📱 8 771 450 3 450 (WhatsApp)
📧 Kcalmaty2017@gmail.com
⠀
#ДағдарысОрталығы #КризисныйЦентр #Алматы #ЗорлықзомбылықсызҚазақстан #Казахстанбезнасилия #Зорлықзомбылықсыз16күн #16днейбезнасилия #Гендерлікзорлықзомбылыққақарсы16күндікбелсенділік #16днейактивныхдействийпротивгендерногонасилия