Новости центра на каз

Достарымыздың құттықтауы

Достарымыз онколог-маммолог @dr_kulanbayev және оның жұбайы @zhanara_zhn Орталық балаларына арналған жаңа жылдық мерекені өткізді. Олар ертегі кейіпкерлері бейнесіндегі аниматорларды шақыртып, керемет кешті ұйымдастырды. Балалар уақыттарын көңілді өткізіп, артынан қалаулы сыйлықтарға кенелді. Аналар да назардан тыс қалған емес. Барлық аналар мен балалар үшін Еділ мен Жанар басты мәзірде торт болған мерекелік дастарханды жайды. «Жан-Сая» Дағдарыс Орталығының және кішкентай қызмет алушылардың атынан мейірімділік пен жомарттық танытқан @dr_kulanbayev және @zhanara_zhnға үлкен алғысымызды білдіреміз! Жыл сайын бізбен бірге болатындарыңызға рақмет! Сіздердің арқаңызда Орталықта жаңа жылдық сиқырлы атмосфера сезіліп тұр.

✨🎄✨🎄✨





☎️150
📱8 (727) 243 22 21
📱8 771 450 3 450 (WhatsApp)
📧Kcalmaty2017@gmail.com

#Алматы #ДағдарысОрталығы #КризисныйЦентр #Насилиюнет #Зорлықзомбылыққажолжоқ #Алғысбілдіру #Благодарность #Жаңажыл22 #Новыйгод22
Made on
Tilda