Новости центра на каз

Хайуаттар бағына саяхат

24 мамыр күні Дағдарыс Орталығының кішкентай қызмет алушылары демалыс маусымын бастап, хайуанаттар бағына барып қайтты. Олардың кейбіреулері жануарлар әлеміне алғаш рет саяхаттап, өздері үшін көптеген жаңа нәрселерді білді. Хайуанаттар бағында олар арыстан, піл және жираф сынды бұрын кітаптан ғана көрген жануарлармен танысты. Хайуанаттар бағында өткізген бір-екі сағатта балалар көптеген қызықты нәрселерді көріп, демалыстарына риза болып қайтты. Алматы хайуанаттар бағына балалардың көзіндегі қуаныш пен саябақты тегін тамашалау мүмкіндігі үшін шын жүректен алғыс айтамыз. @almatyzoo Еңбектеріңіз өнімді, жұмыстарыңыз жемісті болсын!

🦛🦁🦒🐘






☎️150
📱8 (727) 243 22 21
📱8 771 450 3 450
📧Kcalmaty2017@gmail.com

#ДағдарысОрталығы #КризисныйЦентр #Алматы #Зорлықзомбылыққажолжоқ #Нетнасилию #Орталықтынысы #БудниЦентра #алғысбілдіру #благодарность #хайуанаттарбағы #зоопарк #zoo
Made on
Tilda