⠀
Баспасөз конференциясының арты аттас дөңгелек үстелмен ұласты. Дөңгелек үстел барысында түрлі ҮЕҰ мен кампанияны ұйымдастыруда атсалысқан серіктес ұйымдардың мүшелері, әйел құқығын зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторлар сөз сөйлеп, «Дағдарыс Орталықтарының Одағы» жүзеге асырған жобалардың біріне қорытынды келтірілген болатын. «Дағдарыс Орталықтарының Одағы» атынан шара үстінде өз істеріндегі ерліктерімен және ерекше жауапкершіліктерімен көзге түскен фельдшер мен инспекторлардың біріне алғыс хат табысталды.
⠀
Сондай-ақ, бүгінгі шараға «Жан-Сая» Дағдарыс Орталығының көмегіне бұрын жүгінген әйелдер қатысып, өз хикаяларымен бөлісті. Дөңгелек үстел мен баспасөз конференциясы ұйымдастырылған жерде Дағдарыс Орталығының бұрынғы қызмет алушылары бейнеленген фотокөрме орналастырылып, онда әйелдердің қысқаша хикаялары баяндалған болатын.







☎️ 150
📱 8 (727) 243 22 21
📱 8 771 450 3 450 (WhatsApp)
📧 Kcalmaty2017@gmail.com
⠀
#ДағдарысОрталығы #КризисныйЦентр #Алматы #ЗорлықзомбылықсызҚазақстан #Казахстанбезнасилия #Зорлықзомбылықсыз16күн #16днейбезнасилия #Гендерлікзорлықзомбылыққақарсы16күндікбелсенділік #16днейактивныхдействийпротивгендерногонасилия