Алматы қалалық мәслихатының депутаттары сөзден іске көшіп, қиын өмірлік жағдайда қалған әйелдер мен балалар қоныстанған әлеуметтік дағдарыс орталықтары мен баспаналарға үлкен гуманитарлық көмек көрсетті. Олардың қатарында «Тин Челлендж» ҚҚ, «Реванш» ҚҚ, Әулие Марияның Рождество Шіркеуі, Ана Үйі мен «Жан-Сая» Дағдарыс Орталығы. Көмек жоғары сапалы азық-түлік түрінде көрсетілді. Қалалық мәслихатқа халықтың әлеуметтік осал топтарына көңіл аударып, дер кезінде қолдау көрсеткендері үшін және көмек көрсету мәселелерін шешуде саналы көзқарас танытқаны үшін алғысымызды білдіреміз.