Балалар көзіндегі қуаныш – ересек адам жасай алатын ең игі жақсылық. Балалар – біздің болашағымыз. Оларды қайырымды іс-әрекеттер жасауға үйрету арқылы біз әлемді жақсы жаққа өзгерту мүмкіндігіне ие боламыз. Міне, @vera.makater де екі қызымен бірге түрлі танымдық ойындар, кітаптар мен аксессуарларды жинақтап, Дағдарыс Орталығының кішкентай тұрғындарына сыйға тартты. «Жан-Сая» Дағдарыс Орталығы және осындағы балақайлардың атынан @vera.makater және қыздарына мейірімділігі, жомарттығы мен кең пейілділігі үшін алғыс білдіреміз! Оларға зор денсаулық, мол жетістік және өмірлеріндегі әрдайым ашық жолды тілей отырып, істеген жақсылықтары өздеріне еселеніп қайтсын дейміз! ⠀ ✨🎁✨🎁✨