Балқия Балтабайқызы – «Жан-Сая» Дағдарыс Орталығының жақын құрбысына айналып кеткен көп балалы ана. Ол Орталық тұрғындарын өз сыйлықтарымен жиі қуантады. Арасында білімімен бөлісіп, арнайы тренингтерді де өткізетіні бар. Бұл ретте Балқия ханым қызмет алушыларымызға арнап ет тарту етті. Сонымен қатар, ол жақында жарық көрген алғашқы туындысы – «Сенің сырласың» кітабын жасөспірім қыздарға сыйлады. 8-16 жас аралығындағы бойжеткендерге арналған кітап – өмірде орын алуы мүмкін әртүрлі мәселелерге байланысты кеңестер мен аналардың көпшілігі ұялып, айта бермейтін жыныстық жетілуге байланысты толыққанды ақпарат берілген. Балқия Балтабайқызына ізгі ниеті мен кең пейілділігі үшін алғысымызды білдіре отырып, төл туындысының тұсаукесерімен құттықтаймыз!