Новости центра на каз

Өзіңді-өзің қорғай біл!

Халықаралық адам құқықтары күніде біз өзімізді және өз құқықтарымызды қорғауды үйрендік. Алайда, бұл тәсіл – өзін-өзі қорғаудың физикалық тәсілі болып табылады. «Зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» Республикалық акциясы аясында өзін-өзі қорғаудың жекпе-жек техникасы бойынша шеберлік сабағы ұйымдастырылды. Бокс және кикбоксинг бойынша жаттықтырушы @coach_mariya_aleksandrovna шеберлік сыныбына қатысушыларға соққылардан қорғанудың және шабуылдаушыны залалсыздандырудың тәсілдерін үйретіп, күш жұмсамай-ақ ауыр соққылар жасауға болатын түрлі нүктелер мен әдістерді көрсетті.

Меңгерілген әдістер нәзік және жұмсақ жандар, яғни әйел заты үшін қорғанудың таптырмас құралы. Бұл әдістер шабуыл жасауға арналмаған, оларды тек қорғану үшін пайдалануға болады. Сондай-ақ, шеберлік сыныбында Мария Макатревич өзінді және өмірінді қорғаудағы ойлау тактикасы мен өзін-өзі қорғау әдістерін қолданғаннан кейінгі іс-әрекеттер жөнінде баяндап берді. «Жан-Сая» Дағдарыс Орталығы атынан Мария Макатревичке уақыт бөліп, қызықты сабақ өткізгені үшін, шеберлік сыныбында алынған тәжірибе мен дағдылар үшін шексіз алғысымызды білдіреміз!





☎️ 150
📱 8 (727) 243 22 21
📱 8 771 450 3 450 (WhatsApp)
📧 Kcalmaty2017@gmail.com

#ДағдарысОрталығы #КризисныйЦентр #Алматы #ЗорлықзомбылықсызҚазақстан #Казахстанбезнасилия #Зорлықзомбылықсыз16күн #16днейбезнасилия #Гендерлікзорлықзомбылыққақарсы16күндікбелсенділік #16днейактивныхдействийпротивгендерногонасилия
Made on
Tilda