2 наурыз – Халықаралық сіріңке күніне орай Дағдарыс Орталығының қауіпсіздік және еңбекті қорғау бөлімінің инженері ақпараттық-танымдық сағатын өткізді. Шара барысында ол қатысушыларға өрт қауіпсіздігінің ережелері туралы айтып берді. Сондай-ақ, отпен ойнаудың қаншалықты қауіпті екенін түсіндіретін және өрттің алдын алу шаралары туралы нұсқаулықты қамтитын мультфильмдер де көрсетілді. Балалар материалды қызыға тамашалап, бейнелі түрде берілген ақпаратты тез меңгеріп алды. ⠀ ✨🔸✨🔸✨