Новости центра на каз

Сырласу - баспасөз туры

📌«Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-әрекеттің 16 күндігі» Халықаралық акциясы аясында «Жан-Сая» Дағдарыс Орталығының бастамасымен «Сырласу. По душам» баспасөз туры өткізілді. Турға қатысушылар №150 Балалар мен жастарға арналған Ұлттық сенім телефонының штаб-пәтерімен және қызметімен танысып, желіге түсетін сұраныстардың басты себептері мен қоңыраулардың статистикалық мәліметтерін білді. Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына және агрессорлармен жұмыс істеуге арналған күндізгі кеңес беру кабинетін көріп, Дағдарыс Орталығының баспанасына саяхат жасап, тұрмыстық зорлық-зомбылықпен бетпе-бет келген әйелдердің өмірлік хиякаяларын тындап қайтты.

Сондай-ақ шарада Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша Дағдарыс орталығының ұстанымы баяндалды. Нақтырақ айтсақ, тұрмыстық зорлық-зомбылықты қылмыстандыру, жәбірлеушіні агрессия деңгейін төмендетуге бағытталған психокоррекциялық бағдарламадан өтуге міндеттеу қажеттілігі туралы сөз қозғалды. «Тұрмыстық зорлық-зомбылықты криминализациялау – құқық бұзушылыққа тиісті жаза. Бұл әрбір отбасы мүшесінің өзін қауіпсіз сезінуіне мүмкіндік береді», - деп санайды «Жан-Сая» Дағдарыс Орталығынығ басшысы Байсакова З.М.




☎️ 150
📱 8 (727) 243 22 21
📱 8 771 450 3 450 (WhatsApp)
📧 Kcalmaty2017@gmail.com

#ДағдарысОрталығы #КризисныйЦентр #Алматы #ЗорлықзомбылықсызҚазақстан #Казахстанбезнасилия #Зорлықзомбылықсыз16күн #16днейбезнасилия #Гендерлікзорлықзомбылыққақарсы16күндікбелсенділік #16днейактивныхдействийпротивгендерногонасилия
Made on
Tilda