Новости центра на каз

Балақайға көмек

Бүгін оқырмандарымызбен тағы бір жақсы жаңалықпен бөліспекпіз. Біз дәрі іздестірген балақайға қаражат түріндегі қосымша көмек көрсетілді. Джаватарова Эльнара мен Новрузов Гейдар – екі жасар баланың алған жарақаты жөнінде хабардар болғанда әрекетсіз қала алмаған, жүрегі жылулыққа толы мейірімді жандар. Олар орын алған оқиға жайлы білген соң қайырымдылық жасап, балақайға 150 000тг көлеміндегі қаржылай көмек көрсету туралы шешім қабылдады. Балақайдың анасының табысын ескерсек, бұл аз қаражат емес және сол отбасы үшін қомақты көмек болып табылады. Балақайдың анасы және Дағдарыс Орталығы атынан Джаватарова Эльнара мен Новрузов Гейдарға игі әрекеті, жомарттығы мен кең пейілділігі үшін шексіз алғысымызды білдіреміз!

✨✨✨✨

☎️150
📱8 (727) 243 22 21
📱8 771 450 3 450
📧Kcalmaty2017@gmail.com

#ДағдарысОрталығы #КризисныйЦентр #Алматы #Зорлықзомбылыққажолжоқ #Нетнасилию #Орталықтынысы #БудниЦентра #алғысбілдіру #благодарность
Made on
Tilda