Новости центра на каз

Зорлық-зомбылықсыз Қазақстан

Бүгін Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімдігінің және «Нұр Отан» Партиясының қолдауымен Панфилов көшесінде орналасқан жаяу жүргіншілер аллеясында «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын еске алу ағашының» ашылу салтанаты өтті. Еске алу ағашы – тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы жариялылықтың символы. Бұл қоршаған ортамызда орын алған мәселе туралы айта бастайтын уақыт. Әрқайсымыз өмірімізде бір рет болса да зорлық-зомбылықты көзімізбен көрдік немесе ол жайында естідік. Бірақ, оған тап болғандарда барлығының бірдей қорқыныш пен ұят сезімін жеңіп, орын алған жағдайды баяндап, көмек сұрауға батылы жетпейді.

Акция барысында «Жан-Сая» Дағдарыс Орталығының қызметкерлері сол жерден өтіп бара жатқан қоғам мүшелеріне тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайында әрекет ету алгоритмін баяндап, құқық қорғау органдары мен дағдарыс орталықтарының байланыс нөмірлері жазылған парақшаларды таратты. Алып шаһар қонақтары мен тұрғындары ағашқа лента байлауға белсене қатысып, сол арқылы өз дауыстарын #зорлықзомбылықсызҚазақстан үшін берді.

Сонымен қатар, ұқсас акция Дағдарыс Орталығы қабырғасында да өткізілді. Орталықта қоныстанған аналар мен балалар қызғылт сары және күлгін түсті ленталарды аулада орналасқан ағаштардың біріне байлап, зорлық-зомбылыққа қарсы екендерін көрсетті.


«Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын еске алу ағашы» акциясына Алматы қаласы мәслихатының депутаты Көбеева Алтынай қолдау көрсетіп келген болатын. Ол «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» Заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізуге байланысты оң көзқарасын білдіріп, жиналған қауымды тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерін анықтауда бейжай болмауға шақырды.


Әрқашан қасымыздан табылып, біздің команданың кез келген бастамасын қолдайтын тағы бір адамды атап өткен жөн. Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын еске алу ағашына лента байлау акциясына @souyz_kz еріктісі Қантарбаева Игілік те атсалысты. Ол осы шараға байланысты Facebook парақшасында өте көлемді жазба жариялады. Біз осындай достық пен қолдау үшін өте қуаныштымыз және ризамыз!


Бізге қуана-қуана қосылған және бір тұлға – жекпе-жек жаттықтырушысы Мария Макатревич. Ол әйелдерге өзін-өзі қорғау тәсілдерін үйретіп, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына белсенді түрде көмек көрсетеді. Еске алу ағашынан бөлек, Мариямен бірге бізде «Зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» Республикалық акцияның аясында өтетін өзін-өзі қорғау әдістері бойынша шеберлік сыныбы жоспарлануда.



Ал бұл гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күндігіне қолдау көрсетуге келген біздің серіктестеріміз @avonkazakhstan компаниясының өкілдері. Айта кететін жайт, олар да өз қызметінде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болған немесе сүт безі обырына шалдыққан әйелдерге көмек көрсетуге белсене атсалысуда.

Ватлина Эльвира Александровна тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын еске алу ағашына лента байлауға қатысқан белсенділердің бірі. Ол Қазақстан Республикасындағы балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі жұмыс тобының мүшесі. Көптеген жылдар бойы ол Дағдарыс Орталықтары Одағының серіктесі болып табылады және балалардың құқықтарын қатыгездік пен зорлық-зомбылықтан қорғауда үнемі қолдау көрсетеді.

«Бақытты отбасы» көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға арналған орталық қалыс қалмай, бұл акцияның әлеуметтік маңыздылығын мойындай отырып, бізге қосылған болатын.

☎️ 150
📱 8 (727) 243 22 21
📱 8 771 450 3 450 (WhatsApp)
📧 Kcalmaty2017@gmail.com

#ДағдарысОрталығы #КризисныйЦентр #Алматы #ЗорлықзомбылықсызҚазақстан #Казахстанбезнасилия #Зорлықзомбылықсыз16күн #16днейбезнасилия #Гендерлікзорлықзомбылыққақарсы16күндікбелсенділік #16днейактивныхдействийпротивгендерногонасилия
Made on
Tilda