Новости центра на каз

Құрбан айтта жасалған жақсылық

Құрбан айт – құрбандық шалып, көрші-қолаңға ас беріп, жомарттық танытатын барлық мұсылман халқына ортақ мереке. Ол «Ораза айттан» соң 70 күннен кейін аталып өтеді. Жылда «Жан-Сая» Дағдарыс Орталығына Құрбан айт кезінде түрлі көмек жіберіліп тұрады, биыл да солай болды. Мысалы, Оразова Ғалия есімді азаматша азық-түлік себетін тарту етті. Оның ішінде азын-аулақ ет, бауырсақ, макарон, шәй және тіске басарлардан кәмпит пен піспенан салынған. Орталық тұрғындарының атынан жомарттығы мен кең пейілділігі үшін Оразова Ғалияға алғыс білдіріп, Құрбан айттарыңыз қабыл болсын дейміз!



Мұсылман халқы үшін маңызды мерекенің бірінде Орталықпен көрші орналасқан дүкен де қалыс қалған жоқ. Олар қызмет алушыларымызға арнап піспенан мен жаңа сойылған малдың етін тарту етті. «Жан-Сая» Дағдарыс Орталығы атынан көрші орналасқан дүкен әкішлігіне ізгі ниеті мен ықыласы үшін алғысымызды білдіреміз, жақсылықтарыңыз Алладан қайтсын!


☎️150
📱8 (727) 243 22 21
📱8 771 450 3 450
📧Kcalmaty2017@gmail.com

#ДағдарысОрталығы #КризисныйЦентр #Алматы #Зорлықзомбылыққажолжоқ #Нетнасилию #Орталықтынысы #БудниЦентра #алғысбілдіру #благодарность #Құрбанайтқабылболсын #КурбанБайрам #Kurbaneidmubarak
Made on
Tilda