⠀
Еңбек терапиясы емдік, оңалту және ағарту бағыттарын қамтиды. Нұсқаушы қызмет алушыларды қолөнер не өзге кәсіпке үйрете отырып, өмір талабына сай дағдыларды қалыптастырады. Сондай-ақ бұл терапия барысында алынған білім қоғамға қайта қалыптасуға, дербестікті, өмір белсенділігін арттыруға және эмоционалды ресурсты қалпына келтіруге көмектеседі. Ең бастысы, қалыптасқан дағдылар әйелдер үшін қосымша табыс көзіне айналуы мүмкін, өйткені Орталыққа келгендердің көпшілігі экономикалық салада қиындықтарды бастан кешіреді. Ал балалар үшін бұл жаңа хоббидің бастамасы бола алады.
⠀
✨🏡✨🏡✨
☎️150
📱8 (727) 243 22 21
📱8 771 450 3 450
📧Kcalmaty2017@gmail.com
⠀
#ДағдарысОрталығы #КризисныйЦентр #Алматы #Зорлықзомбылыққажолжоқ #Нетнасилию #Орталықтынысы #БудниЦентра #Еңбектерапиясы #Трудотерапия #Рукоделие #Қолөнер