«Жан-Сая» Дағдарыс Орталығында Алматы інжілдік христиан баптистердің «Альфа және Омега» шіркеуінің өкілдері қонақтап қайтты. Жиі келетін қонақтарымыз, әрі достарымыз жаңа оқу жылы қарсаңында балаларға арналған ойын-сауық күнін ұйымдастырды. Анна мен Надия өз командасымен бірге белсенді ойындар мен қызықты байқауларды өткізіп, физикалық белсенділіктен кейін балаларға попкорн және тәтті мақта түріндегі тіскебасарларды таратты. Ал, түскі ас кезінде достарымыз дәрумендерге бай жемістердің ассортиментін ұсынды. Ойын-сауық күні тамаша өтті, балалар жігерленіп, позитивті энергиямен толығып, жаңа оқу жылына кірісу үшін толлыққанды күшкі ие болды. «Жан-Сая» Дағдарыс Орталығының және осында қоныстанған балалардың атынан Аннаға, Надияға және «Альфа және Омега» шіркеуінің өкілдеріне тамаша, әрі көңілді мерекені ұйымдастырғандары үшін алғысымызды білдіреміз! ⠀ ✨🎈✨🎈✨