Новости центра на каз

Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырысы

2022 жылдың 22 шілдесінде Түрксіб ауданы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Оған комиссия мүшелері мен АҚҰ, АМБ, №7 Оқушылар үйі мен «Жан-Сая» Дағдарыс Орталыңының өкілдері қатысты. Отырыста әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қылмыстың және бақылаусыздықтың алдын алу және жолын кесу жұмыстары туралы мәселелер талқыланды. Сондай-ақ, қатысушылар 2022 жылдың алғышқы 6 айында атқарылған жұмыс жөнінде есеп берді. Дағдарыс Орталығының жарты жылдық қызметінің қорытындысын директордың орынбасары Татьяна Мидо баяндап берді. Баяндамасын қорытындылай келе ол Түрксіб ауданының әкімі Ақжаров Бақытжан Қожанбердіұлына Орталық қызметінде 5 жыл бойына атсалысып, қолдау көрсетіп жатқаны үшін алғысын білдіре отырып, «Қазақстанның гендерлік дамуына қосқан үлесі және Дағдарыс Орталығымен 5 жылдық серіктестігі үшін» марапатын ұсынды.

✨🔸✨🔸✨




☎️150
📱8 771 450 3 450(WhatsApp)
📱8 (727)243 22 21
📧kcalmaty2017@gmail.com

#ДағдарысорталығыАлматы #кризисныйцентрАлматы #зорлықзомбылықсызүй #домбезнасилия #местогдепримут #мыпротивнасилия #зорлықзомбылыққақарсымыз #Байсакова #Орталықтынысы #БудниЦентра
Made on
Tilda