«Сырласу. По душам»
Құрметті әріптестер!
Алматы қаласы Әлмеуметтік әл-ауқат басқармасының «Жан-Сая» Дағдарыс Орталығы» КММ сіздерді 06.12.21ж. «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-әрекеттің 16 күндігі» халықаралық акциясы аясында «Зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» ұранымен ұйымдастырылатын пресс-турға шақырады.
Іс-шараның басты мақсаты – Орталықтың қызметі туралы халықты ақпараттандыру және тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесіне назар аударту. 2017 жылы Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылықты қылмыссыздандыру орын алып, қылмыстық және іс жүргізу кодексіне бірқатар өзгерістер енгізілді. Нәтижесінде отбасы-тұрмыстық қатынастарындағы зорлық-зомбылық әрекеті үшін жаза жеңілдетілген болатын.
Төрт жыл ішінде (01.11.2021ж-ға дейін) «Жан-Сая» Дағдарыс Орталығы 1245 адамды, оның ішінде 422 әйел мен 823 баланы қабылдады. Қауіпсіз баспанамен қатар тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зарап шеккен жандар тегін арнайы әлеуметтік қызметтерді пайдалана алады. Орталық қарамағында жеке кеңес берулерге арналған психолог және заңгер мамандарының арнайы кабинеттері қызмет етеді. Сондай-ақ, Орталық жұмысы «№150 Балалар мен жастарға арналған Ұлттық сенім телефоны» арқылы да жүзеге асырылады. Дағдарыс Орталығының талдауы көрсеткендей: Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу керек, тұрмыстық зорлық-зомбылықты қылмыстандыру, жәбірлеушіні агрессия деңгейін төмендетуге бағытталған психокоррекциялық бағдарламадан өтуге міндеттеу, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсететін ұйымдардың қызметін регламенттеу қажет.
Іс -шара бағдарламасы:
1) «№150 Балалар мен жастарға арналған Ұлттық сенім телефоны» қызметінің штаб-пәтерінде желінің қызметі мен тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша түскен сұраныстарды өңдеу жұмыстарымен танысу.2) Агрессорлармен жұмыспен және тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына бетпе-бет кеңес берудің нысандары және әдістерімен танысу.
3) «Жан-Сая» Дағрдарыс Орталығындағы экскурсия арқылы келесідей ақпаратты иеленесіздер:
• Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтің түрлері туралы;
• Дағдарыс Орталығына қабылдау, зорлық-зомбылық құрбандарын толық оңалту және қайта әлеуметтендіруден бастап, толықтай әлеуметтік қолдау алгоритмі туралы.
• Дағдарыс Орталығы қызмет алушыларының өз ауызанан өмірлік хикаялары.
Пресс-тур 06.12.21ж. сағат 9.30 басталады. Жиналу орыны: Көктем-1 ықшам ауданы, 20 – Magnum супермаркетінің алдында. Қатысушылар үшін 15 орындық трансфер қамтамасыз етіледі. Тіркелу немесе толық ақпаратты алу үшін 8 708 379 30 55, 8 777 173 08 83 нөмірлері немесе kc_press@mail.ru почтасы арқылы аккредитациядан өту қажет (Аккредитациядан өту барысында «пресс-тур» жазбасын белгілеп, журналистің аты-жөнін, телефон нөмірін және қызмет орынын көрсету керек).
☎️ 150
📱 8 (727) 243 22 21
📱 8 771 450 3 450 (WhatsApp)
📧 Kcalmaty2017@gmail.com
⠀
#ДағдарысОрталығы #КризисныйЦентр #Алматы #ЗорлықзомбылықсызҚазақстан #Казахстанбезнасилия #Зорлықзомбылықсыз16күн #16днейбезнасилия #Гендерлікзорлықзомбылыққақарсы16күндікбелсенділік #16днейактивныхдействийпротивгендерногонасилия