Новости центра на каз

Алғыс білдіру

Орталыққа жүгінген әйелдердің көпшілігінде қарым-қатынас мәселесінен бөлек, құжаттар мен экономика саласында да қиындықтары бар. Орталықта олар заңгердің қажетті көмегін, жәрдемақы тағайындау бойынша әлеуметтік қызметкерлердің көмегін алады, кейде тіпті Орталықтан тыс адамдардан да қолдау тауып жататыны да бар. Мәселен, бұл жолы Іле ауданына қарасты КазЦик ауылдық округі әкімдігінде үш кішкентай баласы бар қызмет алушыға мемлекеттен атаулы әлеуметтік көмек алуға және балаларды балабақшаға тегін орналастыру бойынша көмек көрсетілді. Осының арқасында әйел жұмысқа орналасып, Орталықтан тыс тәуелсіз өмірін жалғастыру мүмкіндігіне ие болды. «Жан-Сая» Дағдарыс Орталығы атынан КазЦик ауылдық округінің әкімі Жұмабаев Бауыржан Ақжолұлына қызмет алушыларымыздың әлеуметтік мәселелерін шешуге үлесін қосып, көмек көрсетуге ықылас танытқаны үшін алғысымызды білдіреміз!

☎️150
📱8 (727) 243 22 21
📱8 771 450 3 450
📧Kcalmaty2017@gmail.com

#ДағдарысОрталығы #КризисныйЦентр #Алматы #Зорлықзомбылыққажолжоқ #Нетнасилию #Алғысбілдіру #Благодарность #Мирдолжензнать #Одобрыхделах
Made on
Tilda