Новости центра на каз

Марапат!

Қаңтар оқиғасы үшін 2022 жыл бүкіл Қазақстан үшін ауыр басталды. Болған оқиғаның өзектілігі бүгінгі күнге дейін сақталған, кейбір мәселелер әлі де шешілу үстінде, сондықтан бұл оқиғалардың ауқымын асыра бағалау мүмкін емес. Көбісі Қанды Қаңтарды қорқынышпен еске алады, дегенмен, қауіп-қатерге, қала бойынша орын ауыстыру қиындықтарына қарамастан «Жан-Сая» Дағдарыс Орталығы өз қызметін үзбей жалғастырды. Сондай-ақ, бұл күндері көптеген әлеуметтік көмек ұйымдары өздерінің ынтымақтастығын көрсетіп, бір-біріне қолдарынан келгенше көмектескенін де атап өткен жөн.

07.04.22ж. Мәслихат отырысына дағдарыс орталықтарының жетекшілері, қоғамдық ұйымдардың еріктілері, белсенділер және сол сұмдық оқиғалар кезінде мұқтаж жандарға қолдау көрсеткен депутаттар шақырылды. Алматы қаласы Мәслихатының хатшысы Станислав Владимирович Канкуров шақырылғандарға алғыс білдіріп, «Өзгенің мұңына бей-жай қарамайтын, мұқтаж азаматтарға – аз қамтылғандарға, мүгедектерге, көп балалы отбасыларға әлеуметтік және материалдық көмек көрсететін ұйымдардың белсенділері әрқашан Мәслихаттың және олардың депутаттарының назарында болатынын», сондай-ақ тұрақты ынтымақтастық пен қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді. Алғыс хатқа ие болғандардың ішінде «Жан-Сая» Дағдарыс Орталығы мен Орталық директоры Байсакова Зульфия Мухамедбековна да бар.



☎️150
📱8 (727) 243 22 21
📱8 771 450 3 450
📧Kcalmaty2017@gmail.com

#ДағдарысОрталығы #КризисныйЦентр #Алматы #Зорлықзомбылыққажолжоқ #Нетнасилию #Награда #Благодарность #Алғысбілдіру #Марапат #Байсакова
Made on
Tilda