Новости центра на каз

Дағдарыс Орталығының туған күні

Бірлік пен ынтымақтастық жақсы нәтижеге жол ашады. Біздің жағдайымызда да тура солай. 5-жылдық мерейтойға арналған шараны ұйымдастыруда бізге @isker_ana_medeu және @baqyttyotbasy.kz көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға арналған орталығы қолдау көрсетті. Бұл Орталықтардың қызмет алушылары да белгілі бір қиындықтарды жеңіп, кәсіпкер атанған көп балалы аналар. Бүгінгі таңда олар еш қиналмай өзгелерге қол ұшын созатындай деңгейге жеткен. Оларға көмектері үшін алғысымыз шексіз!

Көп балалы аналар мерекелік кеңістікті безендіруге көмектесіп, Оқушылар үйінің алдында қолөнер жәрмеңкесін ұйымдастырды. Бұл жәрмеңкені Алматы қаласы әкімінің орынбасары Нүсіпова Әсем Бекқызының өзі @assem.nussupova тамашалап қайтты. Онда киізден жасалған және тоқылған бұйымдар, гүл түріндегі безендіру, сөмкелер мен ұлттық нақыштағы бас киімдер ұсынылды.

✨✨✨✨



☎️150
📱8 (727) 243 22 21
📱8 771 450 3 450
📧Kcalmaty2017@gmail.com

#ДағдарысОрталығы #КризисныйЦентр #Алматы #Зорлықзомбылыққажолжоқ #Нетнасилию #Орталықтынысы #БудниЦентра #алғысбілдіру #благодарность #5years #5лет #5жыл #news #новости #жаңалықтар
Made on
Tilda