Әрине, Орталықтардың ешбірі өз үйіңнің орынын баса алмас. Дегенмен, «Жан-Сая» Дағдарыс Орталығы әрдайым өз тұрғындары үшін жайлы жағдай мен жылы атмосфераны қалыптастыруға тырысады. Жақында ғана Орталық аумағында кеңсе қызметкерлері орналасқан жаңа ғимарат пайда болды. Біз қасбетті жарқын суреттермен безендіріп бере алатын дарынды суретшілерге іздеу салған едік. Ольга Беликова жетекшілік ететін жас суретшілердің @lampa_art_studio мектебі біздің өтінішімізді жерге тастамай,өз көмектерін ұсынды. Мектеп шәкірттері Орталықта қонақтап, жаңа ғимараттың сыртқы қабырғаларын абстрактілі суреттермен әрлеп берді. «Жан-Сая» Дағдарыс Орталығы атынан Ольга Беликова және @lampa_art_studio командасына елгезектігі, оразан еңбегі мен Орталық қабырғасындағы керемет өнер туындысы үшін шексіз ризашылығымызды білдіріп, алғыс айтамыз!