Новости центра на каз

Орталық тынысы

«Жан-Сая» Дағдарыс Орталығы қызмет алушылар психологиясын қалпына келтіру үдерісіне едәуір көңіл бөледі. Мәселелерден алшақтатуға және пайдалы дағдыларды меңгеруге көмектесетін еңбек терапиясы, босаңсып, көңіл көтеріп, жаныңды жайландыруға мүмкіндік беретін мәдени ұйымдастырушымен бірге уақыт өткізу. Орталықтың әр қыметі дерлік әйелдер мен балалардың психо-эмоционалды күйін реттеуге бағытталған. Сондай-ақ, психолог маманы әр қызмет алушымен үлкен жұмыс атқарады. Одан бөлек, Орталықта сырттан келген сарапшылардың қатысуымен әртүрлі тренингтер жиі ұйымдастырылып отырады. Бұл волонтерлар, басқа мекемелердің психологтары және т.б. болу мүмкін. Фотосуретте топтық тренингтердің бірі көрсетілген, оған қатыса отырып, әрбір әйел өз проблемалары туралы тікелей айтуға және адамдарға сенуге қайта үйренеді. Қатысушылар бір-бірін жылы сөздермен қолдап, тәжірибе алмасады, бұл олардың мәселелерін шешуге болатынына сенім ұялатып, үміттерін арттырады.



☎️150
📱8 (727) 243 22 21
📱8 771 450 3 450
📧Kcalmaty2017@gmail.com

#ДағдарысОрталығы #КризисныйЦентр #Алматы #Зорлықзомбылыққажолжоқ #Нетнасилию #Орталықтынысы #БудниЦентра
Made on
Tilda