Новости центра на каз

«Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік"

Елімізде 25 қараша – 10 желтоқсан аралығында отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, есепте тұрған тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, олардың үйіне барып тексеру, профилактикалық жұмыстар жүргізу мақсатын көздеген он алты күндік «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік" атты халықаралық акция өз жұмысын белсенді түрде жүргізуде.
Баспасөз мәслихатында сөз алған «Жансая» дағдарыс орталығының директоры Зульфия Байсақова елімізде әр үшінші отбасы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырайтынын жеткізді. Оның айтуынша, былтыр 102 нөміріне тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері бойынша 114 044 қоңырау түскен. ҚР ӘҚБтК-нің 5-бабы бойынша 44 974 сот ісі қаралып, 17 647 адам екі сағаттан үш тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынып, 1020 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
«Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенділік» аясында «Агрессия деңгейін қалай басқаруға болады», «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек сұрау алгоритмі», «Зорлық-зомбылықсыз және сыбайлас жемқорлықсыз әлем» семинарлары, көп балалы және аз қамтылған отбасыларға арналған «Бақытты отбасы» әлеуметтік орталықтарында заңгерлердің, психолог мамандардың кеңесі, 150-нөмірлі балалар мен жастарға арналған сенім телефоны бойынша кеңес және т.б. өткізілуде. 
Made on
Tilda